Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан Әзербайжанмен өтетін жолдастық кездесу туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Ұлттық құрамаға қайта оралу мүмкіндігі үшін бапкерлер штабына алғыс айтқым келеді. Дисквалификацияға байланысты көп уақыт жоғалттым, сосын жарақатқа байланысты. Ұлттық құраманың бір бөлігі болғаныма қуаныштымын.

Әзербайжанмен ойынға келсек, қиын кездесу күтіп тұр. Қарсылас бізге таныс, біз олармен бір-екі жыл бұрын Ұлттар лигасында ойнағанбыз. Оң нәтижеге жету үшін бар күшімізді саламыз. Соңғы іріктеу кезеңінде де жақсы кезеңдерді өткіздік. Менің ойымша, Әзербайжандағылар біздің жақсы қарсылас екенімізді біледі.