МЛС баспасөз қызметі 2024 жылы ең көп сатылған жейделері бар лига ойыншыларының тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тізімді аргентиналық «Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси бастады. Луис Суарес екінші орында, ал «Цинциннатиден» Лусиано Акоста үшінші орында.

Үздік 10 ойыншыға сонымен қатар: Кучо Эрнандес («Коламбус Крю»), Рики Пуч («Лос-Анджелес Гэлакси»), Педро де ла Вега және Джордан Моррис (оба — «Сиэтл Саундерс»), Хани Мухтар («Нэшвилл»), Георгиос Якумакис («Атланта Юнайтед») және Эмиль Форсберг («Нью-Йорк Ред Буллз») кірді.

Айта кетейік, Месси өткен жазда «Интер Майамиге» ауысты. Осы кезеңде ол барлық турнирлерде 29 матчқа қатысып, 25 гол соғып, 16 нәтижелі пас берді.