«Тобыл» құрылымында жұмыс істейтін Украина құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Эдмар қостанайлық команданың бас бапкері болуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

Алдағы матчтарда Жұмасқалиев команданың бапкерінің міндетін атқарушы болып жұмыс істейді, содан кейін оның орнына Эдмар келеді. Егер Жұмасқалиев өзін көрсете алса, басшылық оның осы қызметте тұрақты жұмыс істеуі туралы мәселені қарастыруы мүмкін.

Бейресми деректер бойынша Эдмар бұған дейін «Тобылда» трансферлік қызметпен айналысқан, сонымен қатар футбол орталығының мәселелерін де бақылаған.

Эдмар украиналық «Таврия», «Металлист» және «Днепр» клубтарындағы өнерімен танымал. Украина құрамасы сапында 15 матч өткізіп, бір гол соққан. Және 23 жасына дейін туған жері Бразилияда өнер көрсеткен.

Еңбек жолын аяқтағаннан кейін «Металлист 1925» командасының жаттықтырушысы, бас бапкердің көмекшісі және бас бапкердің міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.