Қазақстандық спортшы Люксембургте өткен G-1 санатындағы халықаралық жарыста топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

63 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған отандасымыз турнир кезінде қарсыластарын қоғадай жапырды. Осылайша Самирхон әлемдік доданың алтын медалін мойнына тақты.

Айта кетейік, Абабакиров алдағы Париж Олимпиадасында 58 келі салмақта ел намысын қорғайды.