Түркияның Анталья қаласы садақ атудан Олимпиадаға жолдама беретін ең соңғы іріктеу бәсекесін қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшылар турнир барысында 14 жолдамаға таласпақ.

Шешуші сайысқа садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы қатысады.

Атап айтар болсақ, Алина Ілиясова, Диана Тұрсынбек және Елизавета Авдеевалар өз мүмкіндіктерін сынап көреді.

Іріктеу турнирі 13-17 маусым аралығына жоспарланған.