Футболдан 17 және 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Еуропа чемпионатының алғашқы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан 17 жасқа дейінгі қыздар құрамасы В лигасының алтыншы тобында Швеция және Эстония құрамаларымен сынға түседі.

Ойындар 23-26 қазан аралығында Швецияда өтеді.

Ал еліміздің 19 жасқа дейінгі қыздар құрамасы В лигасының екінші тобында Румыния, Латвия және Лихтенштейнмен шеберлік байқасады.

Матчтар 27 қараша-3 желтоқсан күндері Румынияда өтеді.

Алты топқа бөлінген командалар А Лигасының жолдамасы үшін бақ сынайды. Топ жеңімпаздары мен үздік көрсеткіші бар екінші орын иегері жоғары дивизионға шығады.