26 жастағы қазақстандық қорғаушы Ескендір Қыбырай «Шахтер» сапына ауысуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Қыбырай 2021 жылы бұған дейін «Шахтер» сапында 22 кездесу өткізіп, 1 гол соқты.

Қазіргі уақытта қорғаушы «Жетісуда» өнер көрсетеді. Осы маусымда Қыбырай талдықорғандық клуб сапында небәрі 1 ойын өткізді.