REDFURYMMA telegram-арнасы хабарлағандай, UFC рейтингінде екінші орында тұрған жартылай ауыр салмақтағы ресейлік Магомед Анкалаев (19-1-1) америкалық ұйымдағы титулды жекпе-жектен айырылып қалды, деп жазады Prosports.kz

Дереккөздің хабарлауынша, рейтингте бірінші орындағы чехиялық Иржи Прохазка чемпион Алекс Перейрамен титулды жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа қол қойды. Бұл кездесуді жақында UFC ресми мәлімдейді.

Айта кетейік, әуесқойлар арасында Акналаев биыл наурызда орта салмақта ОКТАГОН лигасының жаңа чемпионы атанған қазақстандық файтер Мурад Абдурахмановтан (10-2) жеңіліп қалған болатын. Ол оған дейін жеңіліп көрмеген Керим Даидовты (10-1) нокаутқа түсірді.

Айта кетейік, 23 мауымда өтетін кештің басты жекпе-жегінде вакантты чемпиондық белбеуі үшін «Қырғыз феномені» Муртазали Магомедов (7-0) пен өзбекстандық файтер Сардор Худойбердиев (7-2) кездеседі.

OCTAGON 59 турнирінің билеттерін zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 59 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink