Ред Булл командасының нидерландылық шабандозы Макс Ферстаппен Формула 1 Канада Гран-приінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыс жексенбі, 9 маусымда Монреальдағы Жиль Вильневте өтті. Британиялық McLaren шабандозы Ландо Норрис мәреге екінші келді. Үздік үштікті Mercedes шабандозы канадалық Джордж Рассел түйіндеді.

Ферстаппен маусымдағы алтыншы және мансабындағы 60-жеңісіне қол жеткізді. Ол қазіргі «Формулы-1»чемпионы. Оның әлем чемпионатында барлығы үш жеңісі бар.

Айта кетейік, Формула-1-дің келесі кезеңі Барселонада (Испания) 21-23 маусым аралығында өтеді.