17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сырт алаңда Өзбекстан жастар құрамасын жолдастық кездесуде ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Өзбекстан астанасы Ташкентте өтті. Қазақстандық футболшылар 4:2 есебімен жеңіске жетті.

Өзбекстан U-17 – Қазақстан U-17 – 2:4

17 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының голдарын Райымбек Кеңесбеков 2, Исмаил Бекболат 8, Абылай Төлеухан 37, Артур Трубин 75 соқты.