Қазақстандық Юлия Путинцева Париждегі Олимпиадаға барады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев.

«Юлия Путинцеваның жеке турнирлерге сәтті қатысуының арқасында бізде қосымша лицензия бар. Юлия ұлттық құраманың көшбасшысы ретінде Жапонияға барды, Индиана Уэллс, Майами, Мадридте өте жақсы ойнады, онда ол Ленамен бірге ширек финалға өтті. Ол да Олимпиадаға барады. Ролан Гарростан кейін ақпарат ресми түрде жарияланады», - деді Досқараев.

Сондай-ақ Олимпиадада қазақстандық Елена Рыбакина мен Александр Бублик міндетті түрде жекелей турнирде өнер көрсетеді.