Мәскеулік ЦСКА футболшылары әйелдер футболынан Ресей суперкубогы үшін өткен матчта Петербургтің «Зенитін» ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жалғыз гол финалдық ысқырық естілуге 10 минут қалғанда соғылды – ЦСКАшабуылшысы Дарья Яковлева гол соқты. Қорытынды есеп 1:0. Қазақстан құрамасының капитаны Юлия Мясникова негізгі құрамда ойнады.

ЦСКА алғаш рет Ресей суперкубогын жеңіп алды - бұған дейін мәскеуліктер кубок үшін өткен матчтарда қатарынан үш рет жеңіліп қалған еді.