Қазақстандық кәсіпқой боксшы Торғынбек Әміров Ресейдің RCC Hard жұдырықтасу лигасында бұрын жеңіліп көрмеген Хавадж Олиговқа қарсы сәтті жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Боксшылар Екатеринбургте өткен RCC Hard 8 турнирінде Bantamweight Gran Prix аясында кездесті.

Әміров екінші раунд аяқталуға 10 секунд қалғанда жеңіске жетті. Олигов жұдырықтасудағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Торғынбек «Тор» Әміров (6-0-0,1КО) бұған дейін кәсіпқой бокста өнер көрсеткен. 2020 жылы екінші жеңіл салмақта WBC Asian Silver және WBO Asian Pacific Youth белбеулерін жеңіп алды.