Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Монастир (Тунис) ITF турнирінің чемпионы атанды.

Қазақстандық теннисші бразилиялық Пауло Андре Дос Сантоспен бірге жартылай финалда түркиялықтар Ченгиз Ақсу — Алп Хорозды 1:6, 6:0, 10:6 есебімен ұтты.

Қазақстандық-бразилиялық жұп финалда германиялық Никлас Шелл — ұлыбританиялық Маркус Уолтерспен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партияда Шелл — Уолтерс 6:4 есебімен басым түсті. Дегенмен екіншісінде Қазақстандық бразилиялық дуэт есе қайырды — 6:2. Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды — 10:8.