CIES Football Observatory төрт әлеуметтік желідегі (X (бұрынғы Twitter), Instagram, Facebook және TikTok) жазылушылар саны бойынша үздік футбол клубтарының рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рейтинг көшбасшы әлеуметтік желілерде 411 миллионға жуық жазылушысы бар "Реал Мадрид" болды.

Топ-10 рейтингі:

1. «Реал Мадрид» – 410,9 млн жазылушы;2. «Барселона» – 360,7;3. «Манчестер Юнайтед» – 216,3;4. ПСЖ – 184,1;5. «Манчестер Сити» – 158,4;6. «Ювентус» – 155,8;7. «Ливерпуль» – 144,5;8. «Челси» – 141,7;9. «Бавария» – 137,1;10. «Арсенал» – 102,4.

Еуропадан тыс ең танымал клуб - Криштиану Роналду ойнатын «Әл-Наср» (54 миллион жазылушы).