Садақ атудан Қазақстан командасы Сувондағы (Оңтүстік Корея) Азия кубогында екі қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҰОК мәліметінше, екі жүлде де аралас командалар арасындағы жарыста қоржынға түскен.

Атап айтсақ, Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова блокты садақ атуда қола еншіледі.

Дәулеткелді Жаңбырбай мен Алина Ілиясова классикалық садақ атудан үздік үштікті түйіндеді.