Бүгін футзалдан Қазақстан чемпионатының финалдық сериясы аясындағы «Қайрат» пен «Семей» арасында алғашқы ойыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 3:2 есебімен семейліктердің жеңісімен аяқталды. Негізгі уақытта командалар жеңімпазды анықтай алмады (2:2), матч овертаймға жалғасып, онда клубтар бір-бірінің қақпасына гол соға алмады. Пенальти сериясында семейлік клуб мықтырақ болып шықты – 2:4.

Екінші ойын ертең, 9 маусымда Астана уақытымен 14:00-де өтеді.

Қазақстан чемпионаты. Финалдық серия. Бірінші матч

«Қайрат» - «Семей» 2:3

Голдар: Төреғазин (0:1), Өмірбаев (0:2), Алиссон (1:1), Денер (2:2).