Еуразиялық жекпе-жек лигасы 23 маусымда Алматыда өтетін OCTAGON 59 турнирінде чемпиондық жекпе-жегін сақтандыратын файтерді ресми түрде тағайындады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің мейн-ивентінде «Қырғыз феномені» Муртазали Магомедов (7-0) өзбекстандық әріптесі Сардор Худойбердиевке (7-2) қарсы жекпе-жекте жеңіл салмақтағы бос чемпиондық титулды сарапқа салады. Жекпе-жекке файтерлердің бірі қатыса алмаған жағдайда «Тайсон» лақап атымен танылған Арген Әбдіқадыров (8-1) шығады.

Бұған дейін Әбдіқадыров титулдық бәсекеде болған, бірақ белбеу үшін шешуші жекпе-жекте өзбекстандық Мухаммаджон Курбановтан (11-4) мерзімінен бұрын жеңіліп қалған еді.

Турнирдің басты жекпе-жектерінің бірінде өзбекстандық нокаутшы Шохасан Мирзаматов (12-3) қазақстандық тәжірибелі файтер Махир Мамедовпен (19-3) кездеседі.

OCTAGON 59 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 59 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink