Украина құрамасы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына қатысатын нақты құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қақпашылар: Георгий Бущан («Динамо» Киев), Анатолий Трубин («Бенфика»), Андрей Лунин («Реал»).

Қорғаушылар: Николай Матвиенко, Ефим Конопля, Валерий Бондарь (бәрі — «Шахтер»), Александр Тымчик («Динамо» Киев), Виталий Миколенко («Эвертон»), Илья Забарный («Борнмут»), Александр Сваток («Днепр-1»), Максим Таловеров (ЛАСК), Богдан Михайличенко («Полесье»).

Жартылай қорғаушылар: Андрей Ярмоленко, Николай Шапаренко, Владимир Бражко (бәрі — «Динамо» Киев), Тарас Степаненко, Александр Зубков, Георгий Судаков (бәрі — «Шахтер»), Александр Зинченко («Арсенал»), Виктор Цыганков («Жирона»), Михаил Мудрик («Челси»), Сергей Сидорчук («Вестерло»), Руслан Малиновский («Дженоа»).

Шабуылшылар: Артем Довбик («Жирона»), Роман Яремчук («Валенсия»), Владислав Ванат («Динамо» Киев).

Айта кетейік, Еуро-2024 топтық кезеңінде Украина құрамасы Бельгия, Словакия және Румыниямен бір топта өнер көрсетеді.