Бүгін жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы Нұрдос Төлебай (11-0, 9 КО) жартылай орта салмақтағы Таиландтың қазіргі чемпионы Анусон Зонлюангқа (20-4-1, 16 КО) қарсы жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

23 жастағы спортшы 8 маусым күні Шымкентте өнер көрсетеді.

Нұрдос кәсіпқой рингте барлығы 11 жекпе-жек өткізіп, 11 жеңісі бар, оның тоғызын нокаутпен аяқтаған.

Айта кетейік, Нұрдос Төлебай биылғы жылдың 1 наурызында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында кейінгі жекпе-жегін өткізіп, өзбекстандық Джурабой Зокировты (1:5) мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Жекпе-жектің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады. Және оны Sport+ qazaqstan арнасынан көруге болады.