Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Загребте (Хорватия) өтіп жатқан «Челленджер» турнирінде ширек финалдық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өкінішке қарай, қазақстандық Дмитрий Попко 1/2 раундқа өте алмады.

Ширек финалда хорватиялық Матей Додигпен кездесті. Кездесу үш сетке созылып 5:7, 6:4, 4:6 есебімен хорватиялық теннисші жеңіске жетті.