Теннистен Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Михаил Кукушкин Сурбитонда (Ұлыбритания) өтіп жатқан «Челленджердің» жартылай финалына жолдама ала алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кукушкин ширек финалда ұлыбританиялық теннисші Билли Харристен жеңіліп қалды. Михаил бірінші сетте жеңіске жетті - 7:5, бірақ кейін Харрис екі ойында 6:7 (5:7), 6:7 (4:7) басым болды. Осылайша қазақстандық спортшы турнирдегі өнерін аяқтады.

Матч 3 сағат 17 минутқа созылды.