Қазақстан құрамасының қорғаушысы Валерий Орехов ұлттық құраманың 2024 жылы Чехияда өткен әлем чемпионатындағы өнеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлем чемпионатында қазақстандықтар топта 6-орынға ғана ие болып, плей-офф кезеңіне өте алмай қалды.

— Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы нәтижесіне қандай баға берер едіңіз?

— Бастапқыда біздің мақсатымыз элитада қалу болған. Ал біз ең маңызды тапсырмамызды орындадық. Әрине, бәрі де плей-оффқа шығуды қалайды», - деді Орехов Sport24 сайтына берген сұхбатында.

Чехия құрамасы финалда Швейцарияны жеңіп, әлем чемпионатында жеңіске жетті.