Жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турнирінде қазақстандық Әмір Омарханов жартылай финалға жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әмір ресейлік Тимофей Дерепаскомен жұптасып, Томас Фурель (Франция)/Лука Преда (Румыния) жұбынан басым түсті.

Есеп - 6:4, 4:6, 12:10.

Шешуші сетте Омарханов пен Дерепаско 6:9 есебімен ұтылыр жатып, үш матчболда озық шықты.

Әмір Омарханов қазақстандық теннис тарихында жасөспірімдер арасындағы «Үлкен дулыға» турнирінде жартылай финалға жеткен үшінші теннисші.