IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) супер орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альвареспен (61-2-2, 39 КО) жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлімханұлы 13 шілдеде Лас-Вегаста жаңа зеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) кездеседі. Қазақстандық титулдары сынға түседі.

- Мен тек 13 шілдедегі кездесуге дайындалып жатқан жоқпын. Канеломен кездесуге дайындықты бастадым, – деп жазды Әлімханұлы өзінің Twitter парақшасында.

Әлімханұлы соңғы рет қазанда АҚШ-та неміс Винченцо Гуальтиеримен (21-1-1, 7 КО) жұдырықтасып, алтыншы раундта жеңді. Осылайша IBF чемпионы атағын алды.