Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы және Қазақстан футбол федерациясы ұжымы Магомед Адиевпен қоштасты.

- Футболшылар мен әкімшілік штабы Магомед Мұсаұлына ұмытылмас эмоция сыйлағаны үшін алғыс білдірсе, ҚФФ ұжымы бапкерге кестелі шапан кигізіп, шығарып салды, - делінген Қазақстан футбол федерациясының Instagram желісіндегі жазбасында.