Еркін күрестен қазақстандық балуан Юсуп Батырмырзаев Будапешттегі (Венгрия) рейтингілік турнирдегі өнерін күміс медальмен аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы 125 келі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетті. Шешуші белдесуде оның қарсыласы АҚШ өкілі Мейсон Паррис болды.

Кездесуде америкалық спортшы мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Юсуп күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, бұған дейін 97 келіге дейінгі салмақта Әлішер Ерғали бірінші орын алып, Ризабек Айтмұхан қола жүлдегер атанған болатын.