Бүгін футболдан Қазақстан жастар құрамасы Тбилисиде Грузия U-21 құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы өз алаңында Венгриядан (0:3), Шотландиядан 1:4 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Ал Грузия құрамасы бұған дейін Гибралтарды 2:0 есебімен жеңіп, Түркиядан 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді.

Грузия U-21 — Қазақстан U-21 0:0

6 маусым. Тбилиси (Грузия). Месхи атындағы стадион

Фото: ҚФФ баспасөз қызметінен