Ресейлік теннисші Мирра Андреева Франция ашық чемпионатының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

17 жастағы теннисші жартылай финалда италиялық Жасмин Паолиниге (12‑нөмір) 3:6, 1:6 есебімен жол берді. Кездесу 1 сағат 13 минутқа созылды.

Паолини финалда әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекпен кездеседі.

Жасмин ширек финалда қазақстандық Елена Рыбакинаны жеңген еді.