Ұлыбританияның Сурбитон қаласында ATP Challenger санатындағы турнир өтіп жатыр. Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев жекелей сында екінші айналымдағы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

ATP әлемдік рейтингінде 171-орында тұрған қазақстандық екінші айналымда аустралиялық Джеймс Даквортты (ATP 105) 6:4, 7:6 (7:4) есебімен ұтты. Бейбіт 1 сағат 36 минутқа созылған матч кезінде 15 эйс жасап, төрт брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды.

Қазақстандық теннисші енді турнирдің жартылай финалына жолдама алу үшін Ллойд Харриспен (Оңтүстік Африка) шеберлік байқасады.