Франция соты футбол аңызы Диего Марадонаға тиесілі "Алтын допты" сатуға тыйым салды.

Mundo Deportivo басылымының мәліметінше, Aguttes аукцион үйі "Алтын допты" 6 маусымда cатылымға шығармақ болған. Бұл спорт тарихындағы ең қымбат лот болуы мүмкін еді. Алайда аукционға бірнеше күн қалғанда сатылым тоқтатылды.

Марадонаның мұрагерлерінің айтуынша, жоғалғаннан соң 2016 жылы табылған "Алтын доп" 1989 жылы Неапольдегі банк сейфінен ұрланған. Версаль апелляциялық соты трофейді сатуға тыйым салды және оның төңірегіндегі дау шешілгенше тәркілеу туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, Диего Марадона 1986 жылғы әлем чемпионатында үздік ойыншы ретінде "Алтын доп" сыйлығын алды. Аңыз футболшы 2020 жылы 60 жасында қайтыс болды.