5 мамырда Франция құрамасы жолдастық кездесуде Люксембургті 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кездесуде Франция құрамасының жұлдызды шабуылшысы Килиан Мбаппе 2 нәтижелі пас беріп, бір гол соқты.

Opta мәліметінше, Мбаппе ұлттық құрамадағы пас берулер саны бойынша Зинедин Зидан мен Тьерри Анриді басып озды. «Реал Мадрид» шабуылшысы қазір 27, Зидан мен Анри 26 нәтижелі пас берді.

Бұл көрсеткіш бойынша бірінші орында 30 пас берген Антуан Гризманн тұр.