5 маусым күні Қазанда ВТБ Бірыңғай лигасының финалдық сериясы аясында УНИКС пен ЦСКА арасындағы бесінші ойын өтті. Кездесу 66:55 (19:16, 19:18, 8:20, 9:12) есебімен ЦСКА жеңіске жетті. Осылайша мәскеуліктер ВТБ Бірыңғай лигасының чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мәскеулік клуб үшін бұл жеңіс тарихтағы 11-жеңісі болды. Кейінгі рет ЦСКА Бірыңғай Лигада 2020/2021 маусымында жеңіске жеткен болатын. Одан кейін финалдық серияда ЦСКА тағыда УНИКС-ті жеңген.

Мәскеулік клубтың ең нәтижелі ойыншысы Антон Астапкович болды. Ал қазандық командадан ең нәтижелі ойыншы америкалық Джален Рейнольдс болды.