«СЭ» сайтына белгілі болғандай, «Бешікташ» «Зениттің» Бақтиер Зайнутдиновті сатып алу бойынша жасаған ұсынысын қабылдауға дайын. Түрік ұжымы Зайнутдиновті ЦСКА-дан сатып алған сомасына, яғни 4,5 миллион еуроға сатпақ, деп хабарлайды Prosports.kz.

Питерлік клуб Зайнутдиновті сол қапталдағы қорғаушысы позициясына алмақ. Командадан Данил Круговой кеткелі бұл позиция бос қалды. 26 жастағы Бақтиер Ресей Премьер-лигасында легионер саналмайды. Ресейлік клуб бүгінде «Бешікташпен» келіскен, қазір Зайнутдиновпен келіссөз жүргізіп жатыр.

Зайнутдинов «Бешікташ» сапына 2023 жылы жазда ЦСКА-дан ауысқан еді. Өткен маусымда ыстамбұлдық клуб сапында 37 матч өткізіп, 1 гол соқты. Оның келісімшарты 2027 жылға дейін жасалған.