Қазақстан баскетбол федерациясының баспасөз қызметі FIBA 3x3 U23 Nations League 2024 - Asia 2 халықаралық турниріне қатысатын жастар командаларының құрамын ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған турнир 10-16 маусым күндері Қытайдың Ханьдан қаласында өтеді.

Қазақстан ерлер командасының құрамы: Рамазан Самсин, Богдан Рабченюк, Әділ Нариманов, Ақылбек Оралбеков, Тимур Тангиев, Махамбет Қазимов.

Қазақстан әйелдер командасының құрамы: Ділназ Еркебай, Валерия Капитонова, Ксения Абдурашитова, Зоя Будай.

Біздің баскетболшылардың қарсыластары: Қытай, Жапония, Моңғолия,Филиппин, Түркменстан.