«Барселона» «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Бернарду Силваны сатып алғысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Флориан Плеттенбергтің ақпараты бойынша, португалиялық футболшының трансферіне каталониялық клубтың бас бапкері Ханс-Дитер Флик жеке қызығушылық танытып отыр.

Силваның «Манчестер Ситимен» келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін есептелген.