Велоспорттан Алматыда өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды, деп жазады Olympic.kz.

Турнир 6 маусым күні басталады.

Ересектер арасындағы жекелей сында Рината Сұлтанова өнер көрсетеді. Аралас эстафетада Рината Сұлтанова, Махаббат Үмітжанова мен Фаина Потапова жарыс жолына шығады.

Топтық жарысқа төмендегі спортшылар қатысады: Рината Сұлтанова, Махаббат Үмітжанова, Марина Кузьмина және Анжела Соловьева.

Жасөспірімдер арасында Ақпейіл Өсім, Бота Батырбекова, Виолетта Казакова, Елизавета Склярова, Ангелина Буренкова, Евгения Заам, Екатерина Удовыкина, Милана Лебединская, Мария Елькиналар бақ сынайды.