Бүгін Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемдік рейтингте төртінші орында тұрған Елена Рыбакина Франциядағы Ролан Гаррос турнирінде ширек финалдық кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық қыз жартылай финалға шығу үшін әлемнің 15-ші ракеткасы италиялық Ясмин Паолинимен шеберлік сынасады.

Тікелей эфир Астана уақытымен сағат 17:15-те басталып, ОСЫ СІЛТЕМЕ арқылы қолжетімді болады.

Естеріңізге сала кетейік, Ролан Гарростың төртінші раундында Рыбакина украиналық теннисші Элина Свитолинаны (WTA бойынша 19-орын) 1 сағат 10 минутта 6:4, 6:3 есебімен ұтқан болатын.

Елена Рыбакина өзінің бүкіл мансабында ешқашан аталмыш турнирде ширек финалдан өте алмаған еді.