Қазақстан ұлттық құрамасының және Санкт-Петербургтің «Зенитінің» қорғаушысы Нұралы Әліп Ресей кубогының суперфиналының үздік ойыншысы деп танылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Сіз өз таңдауыңызды жасадыңыз! Нұралы Әліп – «Зенит» жанкүйерлерінің пікірінше, ел кубогының суперфиналындағы үздік ойыншы!Браво, Нурик!» - деп жазды Зениттің баспасөз қызметі Ресей кубогының финалдық ойынындағы ең үздік футболшы атағына жанкүйер дауыс берудің нәтижесі туралы.

Айта кетейік, 2 маусымда құрамында қазақстандық қорғаушы бар «Зенит» Ресей кубогының суперфиналында калининградтық «Балтикамен» ойнаған болатын. 95-минутта 1:1 есебі кезінде Әліп жеңіс голын соқты.