Әлемнің бірінші ракеткасы, серб теннисшісі Новак Джокович тізесінен алған жарақатына байланысты Ролан Гаррос турнирінен бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

МРТ менискінің жарақатын көрсетті. Спортшы турнирдің қазіргі чемпионы.

Кеше, 3 маусымда Ролан Гарростың ширек финалына шығу үшін өткен кездесуде Джокович әлемнің 27-ші ракеткасы Франсиско Серундоломен ойнады. Кездесу 6:1, 5:7, 3:6, 7:5, 6:3 есебімен сербтің пайдасына шешілген еді.