Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Италияның Бари қаласында өтіп жатқан Челленджер сериясы турнирінің екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық бірінші айналымда мексикалық теннисші Рената Саразуамен кездесті.

Кездесу екі сетте 3-6, 2-6 есебімен қарсылас пайдасына аяқталды.