Ultimate Fighting Championship (UFC) жартылай орта салмақтағы файтерлердің жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) өз орнын сақтап қалды. «Номад» үздік үштікті түйіндеп тұр.

Бірінші орында америкалық Камару Усман, екінші орында АҚШ-тың тағы бір өкілі Белал Мухаммад.

Естеріңізге сала кетейік, жартылай орта салмақтағы чемпион ұлыбританиялық Леон Эдвардс.