«Барселона» биыл жазда «Атлетик» вингері Нико Уильямсты сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Diario Sport хабарлағандай, каталониялық клбутың спорт директоры Деко ойыншының агентімен хабарласып, келісімшарт жасауға күш салатынын айтты.

Дереккөздің мәліметінше, клуб ойыншы үшін 50-60 миллион еуро төлеуге дайын.

Өткен маусымда Уильямс «Атлетик» сапында 37 матч өткізіп, 8 гол соқты және 17 нәтижелі пас берді.