Қазақстан қыздар құрамасы Еуро-2025 іріктеу кезеңі аясында Армениямен кездеседі, деп жазады Prosports.kz.Матч Алматы қаласында өтеді.

Қазақстан құрамасы бұған дейін 3 кездесу өткізіп, бәрінде жеңілді. Қазір өз тобында соңғы орында тұр.

Қазақстан — Армения матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.