23 маусым күні аралас жекпе-жектен OCTAGON 59 турнирінде жартылай жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеу үшін титулдық жекпе-жек өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде вакантты чемпиондық белбеуі үшін «Қырғыз феномені» Муртазали Магомедов (7-0) пен өзбекстандық файтер Сардор Худойбердиев (7-2) кездеседі. Еуразиялық жекпе-жек лигасы ММА жанкүйерлеріне OCTAGON 52 турниріндегі қазақстандық Ұлан Тамғабаевпен (11-8) «Қырғыз феноменінің» тамаша әдісін көрсетті.

Сондай-ақ жекпе-жек кеші аясында аралық салмақ дәрежесінде өзбекстандық нокаутшы Шохасан Мирзаматов (12-3) өнер көрсетеді, қарсыласы қазақстандық Махир Мамедовпен (19-3) кездеседі.

Жеңіл салмақта чемпиондық атаққа басты үміткер өзбекстандық Сухроббек Атажанов (6-1) бразилиялық Клаудесси Бритомен (9-3) кездеседі.

OCTAGON 59 турнирінің билеттерін zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 59 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink