Еуразиялық жекпе-жек лигасы қазақстандық файтер Айваз Айдиновтың (6-2) Алматыда өткен OCTAGON58 турниріндегі жекпе-жегінің толық видеосын ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz

Бір жылдан астам уақыт бойы жекпе-жек өткізбеген жеңіл салмақтағы Гран-при финалистінің қарсыласы қырғызстандық файтер Кулморот Орозов (8-9) болды.

Айта кетейік, 2023 жылдың наурыз айында Айдинов жеңіл салмақта OCTAGON лигасының Гран-при финалында тағы бір қырғызстандық файтер Илимбек Акылбекуулунан (8-2) мерзімінен бұрын жеңіліп қалған болатын. Жекпе-жекте чемпиондық атақ пен 10 мың доллар ақшалай сыйлық бар еді.

23 маусым күні Алматыда OCTAGON 59 турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде вакантты чемпиондық белбеуі үшін «Қырғыз феномені» Муртазали Магомедов (7-0) пен өзбекстандық файтер Сардор Худойбердиев (7-2) кездеседі.

OCTAGON 59 турнирінің билеттерін zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 59 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink