17 жастағы қазақстандық Әмір Омарханов ресейлік теннисші Тимофей Дерепаскомен бірге «Ролан Гарростың» жасөспірімдер арасындағы жұптық сынын сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда Омарханов пен Дерепаско франциялық теннисшілер Пьер-Антуан Фото және Даниэль Жадемен кездесіп, оларды екі сетте – 7:6, 6:2 есебімен жеңді.

1/8 финалда қазақстандық теннисші серіктесімен Шарли Камю (Франция)/Хейден Джонс (Аустралия) жұбына қарсы шығады. Кездесу 5 маусымда өтеді.

Айта кетейік, Әмір Омарханов ITF жасөспірімдер рейтингінде 16-орында. 17 жастағы теннисшінің ATP турында әлі рейтингі жоқ.