«Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Килиан Мбаппенің «Реалға» ауысқанына пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің кезегім. «Бернабеуді» жарқыратып тұрғаныңды көргеніме қуаныштымын. Алға, Мадрид», - деп жазды, Роналду.

Дүйсенбіде «Реал Мадрид» Мбаппемен бес жылдық келісімшартқа қол қойғанын хабарлаған болатын.

Мбаппе әлеуметтік желіде «Реал Мадридтті» арманындағы клубы деп атап, жас кезіндегі Роналдумен бірге түскен суретін жариялады.