«Реал Мадридтің» жаңа ойыншысы Килиан Мбаппе Инстаграм желісіндегі парақшасында команданың жанкүйерлеріне сәлем жолдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Арманым орындалды. Арманымдағы клуб — «Реал Мадридке» ауысқаныма қуаныштымын. Қазір қаншалықты толқып отырғанымды ешкім түсіне алмайды. Мадридтіктер, сіздермен қауышуды асыға күтемін. Тамаша қолдауларыңызға рақмет. Hala Madrid!», - деді футболшы видеоүндеуде.