«Зенит» Ресей кубогының трофейін мәңгілік сақтауға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Санкт-Петербург клубы мұндай құқыққа турнирдегі бесінші жеңісінің арқасында ие болды.

Турнир ережесіне сәйкес, «Ресей кубогын қатарынан 3 рет немесе жалпы 5 рет жеңіп алған клуб кубокты мәңгілік сақтауға алады, ал РФО жаңа кубок дайындайды».

Естеріңізге сала кетейік, «Зенит» сапында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп өнер көрсетеді.